Бокс

Пакьяо ең қиын қарсыластарын атады

Пакьяо ең қиын қарсыластарын атады
news-banner7
mobile-news-top

WBA тұжырымдасы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо The Manila Bulletin басылымына берген сұхбатында ең қиын қарсыластарының есімдерін атады, деп хабаралайды Prosports.kz сайты.

Аталған спортшылардың ішінде үш мексикалық боксшы болды. Ең қиын қарсылас ретінде Антонио Маргаритоны атаған.

«Ол мен үшін өте үлкен, өте күшті болды. Бастапқыда ондай мықты деп ойламадым. Жекпе-жек кезінде таңғалдырды»,- деді Пакьяо.
Ол жекпе-жек 2010 жылы өткен болатын. Мэнни Пакьяо төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Одан бөлек Пакьяо қиын қарсыластары ретінде Хуан Манэуль Маркес, Эрик Моралес және Мигель Коттоны атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер