Хоккей

«Барыс» тізгініндегі Скабелка маусымның үздік бапкері атағына ұсынылды

«Барыс» тізгініндегі Скабелка маусымның үздік бапкері атағына ұсынылды
news-banner7
mobile-news-top

Маусым қорытындысы туралы өзінің материалында танымал «Советский спорт» порталы «Барыстың» бапкері Андрей Скабелканы үздік жаттықтырушы атағына үміткерлер қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз әлі үздік жаттықтырушыны анықтаған жоқпыз. Біз келесі үміткерлер лайықты деп санаймыз: Игорь Никитин (ЦСКА), Николай Заварухин (Сибир), Андрей Скабелка («Барыс»), Владимир Крикунов («Динамо»)» - деп жазды ресейлік сайт.

Еске сала кетейік, Скабелканың «Барыстағы» болашағы әлі де күмән тудырады. Тараптар жаңа келісімшартқа қол қою туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Беларусь маманы клубтағы және Қазақстан құрамасындағы жұмысты үйлестіруге қарсы болып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер