«Ордабасы» еурокубоктардан шеттетілмейді

«Ордабасы» еурокубоктардан шеттетілмейді
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА-ның клубтарды қаржылық бақылау жөніндегі институционалдық арбитраждық палатасы «Ордабасы» командасын УЕФА турнирлерінен шеттетпеу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында УЕФА қаржылық fair play ережелерін бұзғаны үшін қазақстандық клубты еурокубоктарға қатысудан шеттету туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Осыған байланысты, клуб келесі екі маусым (2020/21 және 2021/22) Еурокубоктарға қатыса алмауы мүмкін еді.

«Ордабасы» мерзімі өткен (2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін төленуі тиіс болған) кредиторлық қарызды 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін төлеу, сонымен қатар 100 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ал жақында УЕФА клубтарды қаржылық бақылау жөніндегі институционалдық арбитраждық палатасы (IFFC) «Ордабасы» клубының 2019 жылдың желтоқсанында белгіленген шарттарды орындағанын және УЕФА турнирлерінен шеттетілмейтінін растады.

Демек, шымкенттік команданың Еурокубоктарға қатысуға толық мүмкіндігі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер