Хоккей

«Сарыарқаның» бұрынғы бапкері «Динамоны» баптауы мүмкін

«Сарыарқаның» бұрынғы бапкері «Динамоны» баптауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Ригалық «Динамо» хоккей клубы бас бапкер қызметіне Леонид Тамбиевтің кандидатурасын қарастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұған себеп, Владивостоктің «Адмирал» клубы келесі маусымда ҚХЛ-ға қатыспайтынын мәлімдеген соң, команданың бас бапкері Тамбиев жұмыссыз қалған болатын.

Леонид Тамбиев соңғы екі маусымда қарағандылық «Сарыарқаны» баптады. Әрі 2019 жылы Жоғары хоккей лигасының басты жүлдесі - Петров кубогын жеңіп алды. 2019/2020 жылғы маусымда «Сарыарқа» плей-офф кезеңінің бірінші раундында жарысты аяқтады. Осыдан кейін латвиялық маман қазақстандық команданың бас бапкері қызметінен кетті. АЛ 24 наурызда «Адмирал» клубына бас бапкер болып тағайындалды.

1 сәуірде Приморск өлкесі спорт министрлігі «Адмиралды» қаржыландыруға қарастырылған қаражатты коронавирустың таралуына қарсы іс-шараларға жұмсайтынын мәлімдеді. Нәтижесінде «Адмирал» келесі маусымда ҚХЛ-ға қатыспайтын болды. Келесі күні Тамбиев «Адмиралдан» кететінін хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер