Барриос Колумбия тұрғындарына азық-түлікпен көмектесті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Зенит» футбол клубының жартылай қорғаушысы Вильмар Барриос Колумбиядағы Картахена қаласының тұрғындарына қиын-қыстау кездк көмек қолын созды.
Карантин кезінде футболшы жүздеген отбасына азық-түлік жиынтығымен көмек көрсетті. Барриос мұнымен тоқтап қалмай, көмек көрсетуді жалғастырмақшы. «Осындай қиын сәтте, туған қаламның тұрғындарына кішкене болсын көмек көрсеткім келді»,- деді спортшы.