«Астана» конголық ойыншыны тізіміне қосты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Астана» трансферлік кезеңнің соңғы күні маусымға берген тізіміне конголық ойыншы Фирмин Мубелені қосты, деп хабарлайды Prosport.kz сайты.
Өткен маусымда «Тулузадан» жалға келген 26 жастағы футболшы «Астана» сапында бар болғаны 5 матч өткізді. Бұған себеп - жарақат алуы.
Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына тұрақты шақырту алған Фирмин Мубеле соңғы сәтке дейін «Астананың» тізіміне ілінбеген еді,
Айта кетейік, Конго ДР құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабында катарлық «Әл-Ахли», франциялық «Ренн» және «Тулуза» командаларда өнер көрсеткен.