«Астана» конголық ойыншыны тізіміне қосты

«Астана» конголық ойыншыны тізіміне қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» трансферлік кезеңнің соңғы күні маусымға берген тізіміне конголық ойыншы Фирмин Мубелені қосты, деп хабарлайды Prosport.kz сайты.

Өткен маусымда «Тулузадан» жалға келген 26 жастағы футболшы «Астана» сапында бар болғаны 5 матч өткізді. Бұған себеп - жарақат алуы.

Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына тұрақты шақырту алған Фирмин Мубеле соңғы сәтке дейін «Астананың» тізіміне ілінбеген еді,

Айта кетейік, Конго ДР құрамасының бұрынғы ойыншысы мансабында катарлық «Әл-Ахли», франциялық «Ренн» және «Тулуза» командаларда өнер көрсеткен.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер