Басқа

Олжас «Zhasik» Есентаев: «FIFA бойынша Ресей Қазақстаннан бір саты жоғары тұр»

Олжас «Zhasik» Есентаев: «FIFA бойынша Ресей Қазақстаннан бір саты жоғары тұр»
news-banner7
mobile-news-top

FIFA ойыны бойынша Setanta Pro League турнирінің екі дүркін чемпионы атанып , өзге де жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп Олжас Есентаев жұрттың өзіне деген қызығушылығын арттырды.

Prosports.kz сайтының тілшісі киберфутболшымен сұхбаттасқан болатын.

- FIFA ойынына қашан қызыға бастадыңыз ?

- Менің үлкен ағам осы ойынды ойнағанды жақсы көретін. Ол ойнауды менен әлдеқайда ерте бастаған. Бірақ ол тек әуесқойлық ретінде қарады. Мен бұл ойынмен 2014 жылы таныстым. Екі жыл әуесқойлар расында өнер көрсетіп, Қазақстан біріншілігінде 4-орын алдым.

- Жақында өткен LG ProjectX турнирінде бірінші орынға жақын болдыңыз. Жеңісті уыстан шығарып алған өкіншіті шығар ?

- Ол турнирде ТМД елдерінің үздік ойыншылары жиналды. Мен плей-офф кезеңіне дейін жеттім. Иә жеңіскежақын болдым. Бірақ Ресей FIFA ойыны бойынша Қазақстаннан бір саты жоғары десек болады. Ол жақтағы киберфутболшыларда көптеген мүмкіндіктер бар. Олар әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатысады. Бізде өкінішке орай әзірге ондай мүмкіндік жоқ. Ол жарыста тағы бір қазақстандық Алмас Қасымжанов жақсы өнер көрсетіп, төртінші орын алы. Жарысқа толықтай көңілім толды.

-Турнир ұнады ма ?

- Иә, әрине. Турнир жақсы өтті. Жаңа атап өткендей ол жерде ТМД елдерінің үздіктері жиналды. Ол тек жеңіске деген ұмтылысыңды арттырады. Мен ойнған топты бекерге «өлім тобы» деп атаған жоқ. Мен топтық кезеңнен әрең дегенде өттім.

- Setanta Pro League турнирінің екі дүркін жеңімпазы болғанда өзіңді қалай сезіндің ?

- Екі дүркін чемпион болу ол керемет сезім десем болады. Мен ол жетістікке жету үшін көп уақыт жұмсадым. Setanta ұымдастыратын турнирлерге үлкен жауакершілікпен қараймын. Менің басты мақсатым Қазақстандағы нөмірі бірінші ойыншы болу. Setanta Cup турнирінің барлық ойындарын қосқанда мен жалпы есепте бірінші орынламын.

- Жалпы турнирдің өтуі қалай болды ?

- Керемет. Қазақстандағы киберфутболшылар үшін үлкен іс істеп жатқан осы Setanta десем болады. Жарыс жоғары деңгейде өткізілді.

- Про-лига бойынша ең мықты қарсыласың кім ?

- Сөзсіз Алмас Қасымжанов деп айта аламын. Біз Алмаспен жақсы араласамыз, бірге жаттығып тұрамыз. Мен оның қаншалықты мықты екенін білемін. Ол көптеген жарыстарда жүлделі орындар алады.

- Былтыр танымал «Gambit Esports» киберұйымымен келісшартқа отрыдың.Сол туралы айтып берсең ?

- Мен осындай киберұйыммен келісімшартқа отырғаныма өте қуаныштымын. Бірнеше жыл бұрын осы ұйымдағы Андрей Гурьевтің ойынын тамшалайтынмын. Енді сол ұйым маған келісімшарт ұыснды. Мен сол сәтте өте қуанышты болдым.

Айта кетерлігі Олжас Есентаев тілшіміздің сұрақтарына жауап бере отырып, сонымен қатар FIFA 20 ойынындағы біліктілігін арттырумен болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер