ММА

Макгрегор UFC 249 турнирінде өнер көрсетпейді

Макгрегор UFC 249 турнирінде өнер көрсетпейді
news-banner7
mobile-news-top

UFC-дің жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Конор Макгрегор UFC 249 турнирінде Хабиб Нурмагамедовтың орнына Фергюсонға қарсы шықпайтын болды.

Бұл туралы ирландиялық спортшының бапкері Джон Кавана хабарлады. Апта барысында Макгрегор Хабибтің орнына шығады деген ақпараттар легі көбейіп кеткен болатын.

«Конордың Фергюсонға қарсы жекпе-жекке шығуы мүмкін емес.Ирландияда коронавирусқа байланысты өте қатал карантин енгізілген.Біз Конормен мүлде көріспейміз.Барлық залдар жабық.

Ферггюсонның келесі қарсыласы кім болады ? Барлығы айтып жүрген Гейджи болатын шығар»,- деді Джон Кавана.

Айта кетейік , қазіргі кезде UFC әлі де Фергюсонға қарсылас тапқан жоқ. Хабиб Нурмагомедов жарыстан ресми түрде бас тартты. Қауесеттерге сенетін болсақ Тони Фергюсонның қарсыласы ретінде Джастин Гейджи және Дастин Порье қарастырылып жатыр.

Ломаченко Нурмагомедовтың бапкері атануы мүмкін

«Хабиб нағыз бабында еді». Абдулманап Нурмагомедов ұлының Фергюсонге қарсы қалай дайындалғанын айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер