Басқа

Халықаралық триатлон федерациясы турнирлердің тоқтатылуын 30 маусымға дейін созды

Халықаралық триатлон федерациясы турнирлердің тоқтатылуын 30 маусымға дейін созды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық триатлон федерациясы Атқарушы кеңесінің отырысынан кейін коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған жұмыстарын одан әрі 30 маусымға дейін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Федерация барлық шараларды 30 сәуірге дейін тоқтатқан еді, енді мұны тағы екі айға созды. Жақында тоқтатылған іс-шараларға Жапонияның Йокогама қаласындағы Халықаралық триатлон одағының 16 мамырдағы дүниежүзілік сериясы жатады. Африка триатлон одағының үш жарыстары, сонымен қатар Америкадан үш, Азиядан төрт, Океания мен Еуропадан сегіз жарыстар тоқтатылды. Бұл туралы Федерация президенті Марисол Касадо мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер