Әлем футболы

АПЛ футболшыларының жалақылары 30%-ға қысқарады

АПЛ футболшыларының жалақылары 30%-ға қысқарады
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын Премьер-лигасы клубтары коронавирус пандемиясына (COVID-19) байланысты маусымның тоқтап тұруы кезінде ойыншылардың жалақысын төмендету туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.

Премьер-Лига өкілдері өз ойыншыларымен жалақыны 30% дейін төмендету немесе кешіктіру туралы талқылауға келісті.

Бұл шешім клубтардың чемпионаттың тоқтап қалуы салдарынан болған қаржылық шығындарға байланысты шығып отыр. Премьер-лига басшылығы қиындыққа қарамай, барлық жұмыс орнын сақтап қалуды көздейді.

COVID-19 індеті Қытайда өткен жылдың соңында тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирустан 55 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер