Хоккей

«Алматы» командасының бас бапкері қызметінен кетті

«Алматы» командасының бас бапкері қызметінен кетті
news-banner7
mobile-news-top

Владимир Капуловский «Алматы» командасының бас бапкері қызметінен кетті. Шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылады, деп хабарлайды Prosports.kz. shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезекті Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша команда үшінші орынға ие болды, бірақ коронавирустық індетке байланысты маусым тоқтап, «Құлагермен» арадағы плей-офф сериясы аяқталмады.

Еске сала кетелік, бұған дейін 59 жастағы ресейлік маман «Арлан» командасын жаттықтырған. Көкшетаулық клубпен бірге ол Қазақстан чемпионаты мен құрлықтық кубокты жеңіп алды. Сонымен қатар, маман «Авангард» (Омск), «Лев» (Попрад), «Спартак» (Мәскеу), «Динамо» (Минск), «Атлант» (Мытищи) сияқты командаларда жұмыс істеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер