Велоспорт

UCI ірі спорттық жарыстарды 1 маусымға дейін өткізбейтін болды

UCI ірі спорттық жарыстарды 1 маусымға дейін өткізбейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2020 жылғы жарыстар тізбегін 1 маусымға дейін тоқтатты. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланған.

Аталған шешім велоспорттың барлық түрлеріне және барлық санаттағы спортшыларға қатысты.

Айта кетелік, UCI коронавирус індетіне байланысты 3 сәуірге дейінгі турнирлерді тоқтатқан болатын.

Сонымен қатар, жаңа маусымдағы веложарыстар кестесіне айтарлықтай өзгеріс енгізіледі. Ұйым екі Гранд-тур мен классикалық жарыстарды өткізуге мүдделі.

2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Осыған орай, әлем елдері карантинге жабылып, спорттық жарыстар тоқтатылды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер