Басқа

Спорт нысандары жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылды

news-banner7
mobile-news-top

Жыл соңына дейін ірі сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер және спорт нысандары, қоғамдық тамақтану саласы, қонақүй және туристік қызмет саласында жұмыс істейтін салық төлеушілер мүлік салығынан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ұлттық экономика вице-министі Мәди Такиев айтты.

– Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау үшін жедел шаралар қабылданып жатыр. Жаңа бастамалар бизнесті қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруды, қосымша салықты ынталандыруды, бизнесті тексеруден шектеуді көздейді. Салықты ынталандыру шаралары қабылданды, - деді Мәди Такиев.

Вице-министр елдегі шағын және орта кәсіпкерлердің қай түрі қандай салықтан босатылғанын тізіп берді:

  • Жыл соңына дейін ірі сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер және спорт нысандары, қоғамдық тамақтану саласы, қонақүй және туристік қызмет саласында жұмыс істейтін салық төлеушілер мүлік салығынан босатылды.
  • Жалпы бекітілген салық төлеу режимінде жұмыс істейтін дербес кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке табыс салығын төлеуден босатылды.
  • Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында ірі қара мен биологиялық актив импорты қосымша құн салығын төлеуден босатылды.
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушылар ауыл шаруашылығы жерін пайдаланғаны үшін салық төлемейді.
  • 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар тауарларға ҚҚС (НДС) 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендетілді.
  • Шағын және орта бизнес өкілдері барлық төлем мен әлеуметтік төлемі 2020 жылдың 1 маусымына дейін шегерілді.
  • Төтенше жағдай режимі кезінде салық тексерулері мен салық және кеден қарыздарын өтеу тексерістері уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, еліміздің барлық облысы дерлік карантинге жабылды. Шағын және орта бизнестің көптеген түрі уақытша жұмыссыз қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер