ММА

«Мен коронавирус емес, Хабибпін». Ресейлік файтер жанкүйерлерге наразы

«Мен коронавирус емес, Хабибпін». Ресейлік файтер жанкүйерлерге наразы
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсон екеуінің арасындағы жекпе-жектің өтпей қалуы туралы тағы да сөз қозғады. ММА жанкүйерлері оның АҚШ-қа бармауына разы емес, дегенмен UFC 249 турнирінің өту-өтпеуі әлі белгісіз, деп хабарлайды Prosports.kz. Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Әлем ақылынан адасып тұр. Мен АҚШ-та 40 күн жаттықтым, сол жерде еңбек еттік. Содан кейін кездесу Абу-Дабиде болуы мүмкін деген ақпарат тарады, мен сонда бардым. Барлық жерде шекаралар жабылып жатыр. Амал жоқ, Дағыстанға оралып, онда дайындығымды жалғастырып жатырмын.

Мен коронавирус емес, Хабибпін. Тонидің жағдайы менікінен еш айырмашылығы жоқ. Барлық турнирлер тоқтатылды, тек біздікі өтеді дейді. Олай болмайды. Қазір бәрі үйде отырып алып, кінәліні іздейді. Ең бастысы - бұл емес, бастысы - мыңдаған адамдардың қайтыс болуы. Барлық елдер шекараларды жауып тастады, барар жер, басар тау жоқ», - дейді Нурмагомедов өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер