Басқа

Нысана көздеуден әлем чемпионаты өтпейтін болды

Нысана көздеуден әлем чемпионаты өтпейтін болды
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық атудан халықаралық федерация COVID-19 індетіне байланысты нысана көздеу және стенд атудан өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын шегерді.

Жасөспірімдер арасындағы әлемдік сын 11-19 шілде аралығында Германияның Зуль қаласында өтуі тиіс болатын.

Сонымен қатар, 2-9 маусым күндері Мюнхен (Германия) қаласында өтеді деп жоспарланған нысана көздеуден әлем кубогі кезеңі де белгісіз мерзімге ауыстырылды.

Ал мамыр айында Үндістанда өтуі тиіс нысана көздеу мен стенд атудан әлем кубогі кезеңдерін ауыстыру туралы мәлімдеме әлі шыққан жоқ.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер