ММА

Фергюсон: UFC Хабибті атағынан айыру керек

Фергюсон: UFC Хабибті атағынан айыру керек
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық файтер Тони Фергюсон Хабиб Нурмагомедовтың жекпе-жектен бас тартпауға мүмкіндігі болғанын айтып, енді ресейлікті титулынан айыруға шақырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оның осында (АҚШ-та) қалуына немесе Ресей шекаралары жабылғанға дейін оралуына болатын еді. Бұл жігіт төбелескісі келмейді. Ол қорқып, қашып кетті. Оны атағынан айыру керек», - деді Фергюсон ESPN MMA-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов өзінің Инстаграм арқылы Фергюсонмен болатын жекпе-жектен бас тартатынын айтып, мәлімдеме жасаған. Жекпе-жек 18 сәуірде Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) жоспарланған және UFC 249 турнирінің басты оқиғасына айналуға тиіс еді, алайда коронавирус пандемиясына байланысты жергілікті билік пен атлетикалық комиссия турнирдің өтуіне тыйым салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер