Басқа

Әбдімәлік өз мәнсабында ФИДЕ рейтингінің ең жоғарғы сатысына көтерілді

Әбдімәлік өз мәнсабында ФИДЕ рейтингінің ең жоғарғы сатысына көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Лозаннада шахматтан әйелдер арасындағы Гран-придің үшінші кезеңіндегі сәтті өнер көрсетуі халықаралық дәрежедегі шебер Жансая Әбдімәлікке FIDE әйелдер рейтингінде жоғары сатыға көтерілуге ​​мүмкіндік берді, деп хабарлайды Prospots.kz порталы Fide.com сайтына сілтеме жасап.

Жаңартылған кестеде Әбдімәлік 16 орынға ие. Наурыз айымен салыстырғанда ол 17 ұпай қосып, 2478 ұпай алды. Сонымен қатар, Жансая 20 жасқа дейінгі қыздар арасында көшбасшылықты сақтап келеді.

Әйелдер рейтингінде қазақстандықтар арасында ең үздік шахматшы - халықаралық шебер Динара Сәдуақасова. Ол 2500 ұпаймен 12-орынға жайғасқан.

Ерлердің үздік 100 рейтингісіндегі Қазақстанның жалғыз өкілі - гроссмейстер Ринат Джумабаев, ол 2654 ұпаймен 90-орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер