Хоккей

«Барыс» капитаны ҚХЛ қорғаушыларының ТОР 10 тізіміне кірді

«Барыс» капитаны ҚХЛ қорғаушыларының ТОР 10 тізіміне кірді
news-banner7
mobile-news-top

«Матч ТВ» шолушысы Павел Лысенков Құрлықтық хоккей лигасының осы маусымдағы үздік он қорғаушысының тізімін жасады. «Барыс» командасының капитаны Даррен Диц үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық команданың негізгі ойыншыларының бірі аталған тізімде бесінші орында тұр.

«ҚХЛ-дың ойын уақыты бойынша жетекші ойыншыларының бірі. Лига қорғаушылары арасында ең көп гол салады. Диц көп ұпай жинай біледі. Тек оның пайдалылық ақсап тұрғаны өкінішті. Жалпы, Даррен - «Барыстың» ең үздік ойыншысы, қазақстандық хоккей жанкүйерлерінің кумирі. Клубтың бұрынғы киесі Кевин Даллмэнмен бірдей», - дейді ондық тізімін құрастырушы.

Айта кетейік, 2019/2020 кезекті маусымда Даррен Диц 54 матч өткізді, ол 32 (11 + 21) ұпай жинап, «-2» пайдалылық көрсеткішін көрсетті. Гагарин кубогының плей-офф кезеңіндегі 5 ойында «Барыс» капитаны үш гол соғып, +1 рейтингін алды.

КХЛ қорғанысындағы үздік 10 ойыншы:

1. Микко Лехтонен («Йокерит»)

2. Вячеслав Воинов («Авангард»)

3. Артем Зуб (СКА)

4. Юусо Хиетанен (Динамо, Мәскеу)

5. Даррен Диц («Барыс»)

6. Филип Ларсен («Салават Юлаев»)

7. Яков Рылов («Спартак»)

8. Алексей Василевский («Автомобилист»)

9. Вилле Покка (Авангард)

10. Юрки Йокипакка («Сібір»)

Фото: hcbarys.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер