Қазақстан құрамасының ойыншысы бельгиялық клубпен келісімшартын ұзартты

Қазақстан құрамасының ойыншысы бельгиялық клубпен келісімшартын ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

Бельгиялық «Беерсхот» қазақстандық қорғаушы Ян Вороговскиймен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz антверпендік клубтың сайтына сілтеме жасап.

«Беерсхотқа» өткен жылдың маусым айында ауысып барған Вороговскийдің келісім-шартында еңбек шартын бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған еді. Қазақстандық футболшының ойынына көңілдері толған бельгиялық клуб осы мүмкіндікті құр жібермеді. Енді Вороговский тағы бір маусымды Антверпенде өткізеді.

2019/20 маусымда Вороговский «Беерсхот» сапында 18 ойын өткізіп, бір гол соқты. Оның клубы 43 ұпай жинап, Бельгия чемпионатының екінші дивизионында 5-орында тұр.

Премьер-лигаға шығу кезеңінің алғашқы матчында «Беерсхот» өз үйінде екінші дивизионның үшінші командасы саналатын «Хеверли Лувенді» (1:0) жеңді. Жауап матчы 15 наурызда болуы керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалды.

Фото hln.be

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер