Велоспорт

Биылғы «Критериум Дофине» көпкүндігі белгісіз мерзімге кейінге қалды

Биылғы «Критериум Дофине» көпкүндігі белгісіз мерзімге кейінге қалды
news-banner7
mobile-news-top

31 мамырдан 7 маусымға дейін жоспарланған Критериум Дофине (Critérium du Dauphiné) әлемдік туры веложарысы коронавирустық инфекцияның алдын-алу үшін белгісіз мерзімге кейінге қалды, деп хабарлайды Prosports.kz Velоlive.com сайтына сілтеме жасап.

«Велокөпкүндікті ұйымдастырушылар мен UCI Овернь-Рона-Альпы аймағының департаменттерімен бірлесіп, Дофине критериумын басқа мерзімге ауыстыру бойынша жұмыс бастады. Жарысты ұйымдастырушылар Овернь-Рона-Альпы аймағының үкіметі мен велосипед жарысының барлық серіктестеріне түсіністік пен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді», - делінген жарысты ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.

Халықаралық велоспорт одағы (UCI) барлық мүдделі тараптармен бірге велоспорттағы үзілісті 2020 жылдың 1 маусымына дейін және ескертуімен одан әрі ұзарту туралы шешім қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер