Басқа

Сергей Вертянкин: Cпортшылар жаттығу бағдарламасын өзгертеді

Сергей Вертянкин: Cпортшылар жаттығу бағдарламасын өзгертеді
news-banner7
mobile-news-top

Әлемде COVID-19 індетінің белең алуына байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті мен Жапония билігі 2020 жылғы Токио Олимпиадасын бір жылға шегерді. Жаңа мерзімге сәйкес, Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Батуттағы гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Сергей Вертянкиннің пікірінше, бұл өзгеріс спортшыларға оңай тимейді.

- Токио Олимпиадасының бір жылға ауысқаны гимнастар үшін ғана емес, барша қазақстандық спортшылар үшін оңай емес. Өйткені, төрт жыл бойы үздіксіз дайындалып, жаттығудың шарықтау шегіне жақындағанда ойынның кейінге қалғаны өкінішті.

Енді спортшыларға жаттығу процесін қайта бастауға және біршама өзгерістер жасауға тура келеді. Коронавирус қаупі сейілмегендіктен, Олимпиаданы шегеруден басқа амал қалмағаны түсінікті.

Бұл бір жылды біз босқа өткізбейміз. Батуттағы гимнастикадан Қазақстан командасы ТЖ мерзімі алынған соң қайтадан жаттығуға кіріседі. Бүгінде спортшыларымыз дін аман, дендері сау. Келесі жылға дейін жаттығуды қиындатып, жоғары бағаланатын элементтер қосып, қателерден сабақ шығарамыз. Сондықтан, әр нәрсенің жақсы жағын көруге тырысу керек,- дейді бас бапкер.

Айта кетелік, 11 наурыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын пандемия деп жариялап, 24 наурызда Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Токио Олимпиадасын келесі жылға ауыстырды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер