Басқа

Элизабет Тұрсынбаева: Жеңіске жету үшін мінез керек

Элизабет Тұрсынбаева: Жеңіске жету үшін мінез керек
news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің #ҮйдемізTeamKZ онлайн жобасының қонағы болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Instagram-да өткізілген тікелей эфирге қонақ болып, сұрақтарға жауап берді. Olympic.kz назарларыңызға онлайн-сұхбаттың қысқаша жазба нұсқасын ұсынады.

Карантин шығармашылығымды шыңдауға мүмкіндік берді

Қазіргі таңда карантин болғандықтан үйде алдын алу шараларын сақтанып отырмыз. Жаттығу, жарыс болмағандықтан бос уақыт көп. Хоббиіммен айналысып, шығармашылығымды шыңдап жатырмын. Өзіме ұнайтын іспен айналысып, уақытымды тиімді пайдаланып жатырмын деп ойлаймын.

Өздеріңіз байқағандай, маған музыкалық аспаптада ойнаған, әртүрлі тәттілерді дайындаған ұнайды. Скрипкада жылдам ойналатын музыкаларға жаным әуес болса, фортепианода классикалық әуендерге құштармын. Ал түрлі тәттілер пісіріп, оны жақындарыммен бөліскенде жаным рахаттанады.

Әлем чемпионатынан кейінгі Элизабет

2019 жылы осы уақытта мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып үлгерген едім. Жарыс алдында қатты қобалжыдым. Қысқа бағдарламада үшінші орын алғаннан кейін жауапкершілік жүгі еселенді. Шешуші сайыста өнер көрсету үшін айдынға шығып, жүргізуші мені хабарлағанда қобалжудың барлығын сыртқа қалдырдым. Барлығын жоспардағыдай орындап шықтым.

Бүгінде тарихи сәтті жиі есіме аламын. Жалпы, спортшы бәріне дайын болғанда, физикалық, тактикалық, психологиялық тұрғыда бәрі бір-бірімен үйлесім тапқанда, жақсы көрсеткішке қол жеткізеді. Тура бір жыл бұрын мен сондай сезімде болдым.

Жалпы, барлық жарыстан кейін маған ұйықтап кету, демалу қиынға соғады. Себебі, сайыста өз бағдарламамды орындап болғаннан кейін бірден қатемен жұмыс істеуге көшемін. Ол мені босаңсымауға, әрі қарай жылжуға көмектеседі. Әлем чемпионатының күмісін алғаннан кейін де солай істедім. Үйге келгеннен кейін ертесіне жаттығуға шығып, қысқа уақыттың ішінде жаңа бағдарламаны үйреніп алдым.

Дүниежүзілік біріншіліктен кейін кейін жанкүйерлерімнің саны артты. Әлем спортының жанашырлары Қазақстан мәнерлеп сырғанау мектебіне баға бере бастады. Біздегі мектептің барына, қалыптасып келе жатқанына көз жеткізді. Қазақстанда жанкүйерлер тарапынан қолдау көбейді. Ата-аналар тарапынан мәнерлеп сырғанау спортына назар ауды. Көптеген кішкентай балалар мәнерлеп сырғанауға қатысып, ден қоя бастады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер