Хоккей

Коронавирус салқыны. «Адмирал» ҚХЛ-да бақ сынаудан бас тартты

Коронавирус салқыны. «Адмирал» ҚХЛ-да бақ сынаудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Примор облысының спорт басқармасы «Адмирал» клубына бөлінген қаржыны коронавируспен күресуге жұмсау туралы шешім қабылдады.

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымында «Адмирал» клубы бақ сынамайды. Клуб құрылымынан тек жастар командасы және балалар мен жасөспірімдер мектебі қалады.

«Луч» футбол командасы үшінші лигада бақ сынаса, «Спартак-Приморье» баскетбол клубы жастар лигасында ойнайтын болады.

Айта кетейік, «Адмирал» қазақстандық «Барыспен» бір дивизионда бақ сынап, соңғы орын алған еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер