Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегін Джо Роган жүргізбейді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызUFC президенті Дэйна Уайт әлемдегі қиын жағдайға қарамастан Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон жекпе-жегін 18 сәуірде өткізгісі келетінін айтып жүр, деп жазады Prosports.kz.
Осыған байланысты атақты UFC комментаторы Джо Роган аталған жекпе-жекте жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Daily Express-ке берген сұхбатында айтқан.
- UFC бұл жекпе-жекті 18 сәуірде өткізу жайын талқылап жатыр. Оны қалай ұйымдастыратынын білмеймін. АҚШ-та өткізе ала ма, жоқ па, ол да белгісіз. Олар барлығын он адамға жетпейтін адамдармен және ашық аренада ұйымдастыру туралы сөйлесіп жатыр. Мұны біреу жүргізетін шығар, бірақ бұл мен емес, – деді ол.