Басқа

Каратеден Азия чемпонаттары кейінге қалды

Каратеден Азия чемпонаттары кейінге қалды
news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы каратеден Азия чемпионаттары кейінге шегеріледі, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап

Ересектер, жастар, жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншіліктері кейінге қалдырылып отыр. Аталған додалар 2021 жылдың қазан айына дейінгі уақытқа шегерілді. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 10-12 шілде күндері Кувейтте өтуі тиіс еді. Ал ересектер арасындағы құрлықтық біріншілік алғашқыда Балиде 4-6 қыркүйек күндері өтеді деп жоспарланған болатын. Ұйымдастырушылар COVID-19 эпидемиясының әлемдегі жағдайын ескере отырып, спортшылар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қатерге тікпес үшін осындай шешім қабылдағанын айтты.

«Пандемияның өршуі бізге жарыс өткізуге мүмкіндік туғызбай отыр», - деген AKF ресми мәлімдемесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер