ММА

UFC чемпионы қылмысы үшін жазасын алды

UFC чемпионы қылмысы үшін жазасын алды
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, америкалық Джон Джонс кінәсін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz Championat порталына сілтеме жасап.

TMZ мәліметінше, файтер мас күйінде көлік жүргізгенін, сондай-ақ лицензиясы жоқ қаруды ұқыпсыз қолданғанын мойындады.

Джонс жазасын жеңілдету үшін билікпен келісімге келді. Енді ол үйқамаққа ұқсайтын қоғамдық қамау бағдарламасы бойынша 96 сағат жұмыс істеуі керек. Оның аяғына білезік тағып, үйден рұқсатсыз шығуға тыйым салынады. Сынақ мерзімі - бір жыл.

Еске салсақ, бұған дейін Джон алты айға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер