Басқа

Спорт vs COVID-19

Спорт vs COVID-19
news-banner7
mobile-news-top

2020 жыл күллі әлем үшін, оның ішінде спорт сүйер қауымға өте ауыр соққы жасады. Коронавирус індеті барлық спорт іс-шараларын тоқтатып, тіпті, Олимпиада секілді ауқымды жарыстардың тағдырын өзгертті.

Індет асқынбай тұрып жарыстар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кейбірі көрерменсіз өткізді. Дегенмен әлемді жаулаған коронавирус спортты да айналып өтпесі анық еді. Футболдан Еуропа чемпионаттары енді қыза түскенде, Қазақстан Премьер-Лигасы жаңа маусымды бастап жатқан еді. Алайда ешқайсысы да «2020 обасының» алдында қауқарсыз болды. Тек әлі күнге дейін Беларусь чемпионаты ештеңеге қарамастан жалғасып жатыр.

Өзге командалық спорт түрлерінен ұлттық чемпионаттардың бәрі уақытша тоқтады. Әзірге қашан жалғасатыны белгісіз. Ал халықаралық деңгейдегі ауқымды жарыстар бір жылға дейін шегерілді. Алдымен футболдан Еуропа чемпионаты 2021 жылға қалса, артынша төртжылдықтың басты додасы - Токио Олимпиадасының да 2021 жылға шегерілгені белгілі болды. Хоккейден әлем чемпионаты күзге қалды.

«Барыс» Гагарин Кубогын жалғастырудан бас тартқан соң Финляндияның «Йокерит» командасы да осындай шешімге келген. ҚХЛ басшылығы маусымды 6 командамен аяқтап көргісі келгенімен өзге командалар қарсылық білдірді. Осылайша 13 жылдық тарихы бар Гагарин Кубогы алғаш рет иесіз қалды.

Солтүстік Американың ірі лигалары да бірінен соң бірі тоқтады. MLB жаңа маусымды сәл кейінге ығыстырса, NFL, NBA мен NHL нағыз қызған шағында еді. АҚШ-тағы коронавирус індетінің таралуына қарап лигалардың жалғасуы екіталай екені түсінікті болады.

Биыл Қазақстан ММА үшін сәтті жыл болғалы тұрған. Өйткені бірден екі спортшымызды UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі күтіп тұрған. Алайда індетке байланысты UFC де жарыстарын кейінге шегерді.

Коронавирус індетін жұқтырған алғашқы спортшылар осылар еді...

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер