Велоспорт

UCI маунтинбайктан әлем біріншілігін кейінге қалдырды

UCI  маунтинбайктан әлем біріншілігін кейінге қалдырды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық велошабандоздар қауымдастығы (UCI) маунтинбайктен әлем чемпионаты мен суперкросстан әлем кубогін коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерді.

Маунтинбайктан әлем біріншілігі 25-28 маусым күндері Альбштадтеде (Германия) өтуі тиіс еді. Германия велосипед спорты федерациясы әлемдегі жағдайды жіті қадағалап, жарыс уақытын өзгерту туралы шешім қабылдады.
Бұдан бөлек, коронавирус пандемиясының кесірінен маунтинбайктен UCI күнтізбесіндегі жеті жарыс кейінге қалдырылған. Оның ішінде Хорватияда мен Шотландияда жоспарланған әлем кубогтары мүлдем өтпейтін болған.
Сондай-ақ, 15-16 мамырда Рок-Хиллде өтуі тиіс BMX суперкросс бойынша әлем кубогі де кейінге қалдырылды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер