Басқа

FINA Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылуына орай мәлімдеме жасады

FINA Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылуына орай мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылғанына байланысты сол жылы өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатының өту мерзімін ауыстырады.

2021 жылғы әлем чемпионаты Жапонияның Фукуока қаласында 16 шілде-1 тамыз аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, Олимпиада ойындары 23 шілде-8 тамыз аралығына ауыстырылды. Сол себепті, біріншілік мерзімінің өту мерзімі өзгереді.
«FINA Фукуокадағы әлем чемпионатын ұйымдастырушылармен тығыз байланыста. Жақында біріншілік мерзімін өзгерту үшін тараптар келіссөзге келеді. Сондай-ақ, FINA спортшылар мен бапкерлердің, ұлттық федерациялардың, телевизиялық серіктестер мен демеушілердің де пікірін ескереді», - делінген мәлімдемеде.

Т

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер