Әлем футболы

«Ювентус» Роналдуды 70 миллион еуроға сатады

«Ювентус» Роналдуды 70 миллион еуроға сатады
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» футбол клубының шабуылшы Криштиану Роналду жазғы трансферлік кезеңде командадан кетуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Италиялық басылымдардың хабарлауынша, Роналдудың командадан кетуіне турнирдік клубтағы қаржылай қиындықтар себеп болуы мүмкін. «Ювентус» Криштиануды 70 млн еуроға сатуға қарсы емес. Бұған дейін, Роналду клубтың қиыншылық кезеңінен өтуіне көмектесу үшін бір жарым айлық жалақысынан (4 млн еуро) бас тартқанын жазған едік.

Португалиялық футболшының «Ювентуспен» қазіргі келісімшарты 2022 жылдың маусымына дейін жарамды.

Айта кетейік, Роналду осы маусымда «Ювентус» сапында 32 матч өткізіп, 25 гол соқты және 4 нәтижелі пас шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер