Басқа

2021 жылғы жазғы Универсиаданың өтетін уақыты өзгерді

2021 жылғы жазғы Универсиаданың өтетін уақыты өзгерді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) 2021 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындардың уақытын бастапқы жоспардағыдан екі күнге кейінге шегерді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Универсиада-2021 ұйымдастыру комитетінің өтініші бойынша Универсиада-2021 FISU - 2021 жылы 18-29 тамыз аралығында өтетін болды. Бастапқыда жарыс 16-27 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған болатын.

31-ші Дүниежүзілік студенттік ойындарға 150-ден астам елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада-2021 кезінде спорттың 18 түрінен 269 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер