Хоккей

Қарағанды хоккейінің түлегі ҚХЛ клубында өнер көрсетуін жалғастырады

Қарағанды хоккейінің түлегі ҚХЛ клубында өнер көрсетуін жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандының тумасы Константин Барулин Нижнекамск «Нефтехимигімен» келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.

35 жастағы қақпашы тағы бір маусымға «Нефтехимикпен» жаңа еңбек келісімшартын жасады.

2019-2020 жылдары Константин Барулин 45 матч өткізіп, оның командасы 15 жеңіске жетті. Барулин бір кездесуде қақпасын құрғақ сақтады.

Константин Барулин Қарағандыда дүниеге келген және Қазақстан хоккейінің түлегі. Алайда жас кезінде ол Ресейге көшіп, клубтарда және осы елдің ұлттық құрамасында ойнады. Ресей құрамасының құрамында ол 2012 жылы әлем чемпионы атанды. 2011 жылы Барулин Құрлықтық хоккей лигасының үздік қақпашысы деп танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер