Бокс

Ғалымбек Кенжебаев: Жауапкершілік керек

Ғалымбек Кенжебаев: Жауапкершілік керек
news-banner7
mobile-news-top

Бүгінде Қазақстан аймағында COVID-19 індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілді. Коронавирустың белең алуына байланысты, еліміздегі және шетелдегі ірі спорттық оқиғаларға кейінге шегерілді. Осы орайда, бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев сұхбат беріп, барша халықты жауапкершілікті сақтауға шақырды.

"Коронавирус Қазақстанға ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп тұр. Әлемді жайлаған індеттен тезірек құтылу үшін бізге жеке гигиенаны сақтап, иммунитетті көтеру қажет. Барлық облыстардағы қозғалыстың шектеліп, шекаралардың жабылуы бекерден емес. Бізге жауапкершілік керек. Үйден шықпай, вирустан қорғану үшін бар амалдарды жасауымыз қажет. Бүгінде барлық боксшыларға хабарласып, олардың вирустан сақтануына қатысты ережелерді түсіндірдік. Осы індеттен аман өтсек, Олимпиада ойындарына алаңсыз дайындаламыз. Сондықтан, бүкіл ел болып жауапкершілікті сақтап, вирустан қорғанайық", - деді бас бапкер.
Айта кетелік, коронавирустың таралуына байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті мен Жапония билігі 2020 жылғы Токио Олимпиадасын бір жылға шегерді.


Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер