Хоккей

IIHF әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

IIHF әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 30 жылдық мерейтойын атап өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық мұздағы хоккей федерациясы (IIHF) әйелдер арасындағы хоккейден әлем чемпионаты тарихындағы 30 үздік сәтті ұсынды.

Канада астанасы Оттава қаласында 1990 жылы тұңғыш рет хоккейден әйелдер арасындағы дүниежүзілік біріншілік өткен болатын. Тарихтың 30 үздік сәті әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден әлем біріншілігінің 30 жылдық мерейтойына арналған жиынтық.

«Әрине, бәрі қалай басталды, сол сияқты бүгінгі айтулы мерекені Канада мұзында 2020 жылғы әйелдер арасындағы хоккейден IIHF әлем чемпионатында қарсы алғымыз келді. Өкінішке қарай, қазір әлемде болып жатқан жағдайға байланысты оның сәті түспей тұр.

Соған қарамастан, біз сіздермен мерейтойға арналған дүниені ресми сайт пен әлеуметтік желідегі парақшаларымызда бөліскенді құп көрдік.

Бүгіннен бастап, алдағы бірнеше апта бойы IIHF.com сайтынан Эндрю Подниекс (Andrew Podnieks) сіздердің назарларыңызға әйелдер хоккейі тарихындағы ТОП-30 сәтті ұсынатын болады. Бұл, әрине, хоккецден әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің 30 жылдық мерейтойына арналады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер