Велоспорт

UCI президенті спортшылар күнтізбесіне өзгеріс енгізетінін айтты

UCI президенті спортшылар күнтізбесіне өзгеріс енгізетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық велошабандоздар одағының президенті Дэвид Лаппартиент қазіргі жағдайға байланысты жаңа күнтізбе жоспарын дайындайтынын мәлімдеді.

«COVID-19 пандемиясына қатысты күнтізбеде бірнеше халықаралық ірі жарыстың кецбіреуі кейінге шегеріліп, енді біразы өтпейтін болды. Әлемдегі жағдайды бақылай отырып, велошабандоздар мамыр айының соңына дейін трассаға шықпаулары мүмкін.

Қазіргі таңда барлық спортшылар оқшауланып, алдын алу шараларын қатаң сақтанып отыр. Осы маусымдағы бірнеше маңызды доданың кейінге қалдырылып, тіпті өтпей қалу себепті күнтізбеге өзгеріс енгізіледі. Халықаралық ірі додалардың тізіміне әйгілі «Тур де Франс» көпкүндігі де кіреді.

Біз спортшыларға кесірі тимейтіндей тимді кестені қарастырамыз. Ал вирустың өршуіне байланысты қазірше маусымның қай кезде жалғасатынын айту қиын», дейді Лаппартиент.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер