Әлем футболы

Италия чемпионаты мамыр айында жалғаспайтын болды

Италия чемпионаты мамыр айында жалғаспайтын болды
news-banner7
mobile-news-top

Италияның спорт министрі Винченцо Спадафора 3 мамырда футболдан Италия чемпионаты қайта басталмайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Матчтарды 3 мамырда қайта бастау шындыққа жанаспайды», - деді министр.

Министр барлық деңгейдегі спорттық жарыстарды сәуір айының ішінде өткізуге тыйым салуды ұсынатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропадағы жетекші бес лигасының бірі Серия А коронавирусқа байланысты матчтардың уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлаған еді. Бастапқыда маусым сәуірдің басында жалғасады деп айтылған еді, бірақ Италия Футбол Федерациясының (FIGC) президенті Габриэле Гравина чемпионат мамыр айында басталуы мүмкін екенін жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер