Әлем футболы

Роналду бір жарым айлық жалақысынан бас тартты

Роналду бір жарым айлық жалақысынан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду өз еркімен 4 миллион еуро жалақысынан бас тартты, деп жазады Prosports.kz.

Португалиялық футболшы осы әрекеті арқылы туриндік клубтың қиыншылық кезеңінен өтуіне көмектескісі келеді.

Коронавирусқа байланысты Италия біріншілігі уақытша тоқтап, командалар кіріс көзінен айырылды. Сол қатарда «Ювентус» та ойыншылардың жалақыларын қысқартқысы келетінін айтқан.

Өз кезегінде Роналду бір жарым айлық жалақысынан (4 млн еуро) бас тартатынан мәлімдеген. Оған Джорджо Кьеллини, Джанлуиджи Буффон, Леонардо Бонуччи қатарлы ойыншылар үн қосты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер