«Оқжетпес» ойыншыларының жалақысы 50% қысқарады

«Оқжетпес» ойыншыларының жалақысы 50% қысқарады
news-banner7
mobile-news-top

Ақмола облысы әкімдігіндегі дереккөзге сенсек, «Оқжетпес» клубының басшылығы футболшылардың жалақысын екі есе қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оқжетпес» ФК директоры Ерлан Ботембаев қол қойған құжатта ойыншылардың жалақсы 50% қысқаратыны жазылған.

- «Оқжетпес» футбол клубы жанындағы барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметі 2020 жылдың 16 наурызынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тоқтатылады. Бұл: негізгі футбол командасы, Екінші лига командасы, футбол орталығы, әйелдер футбол командасы, футзал командасын қамтиды. Жұмыс беруші мен қызметкердің еркінен тыс себептермен жұмыс тоқтаған кезеңде қызметкердің айлық жалақысының 50% мөлшерінде төлем жасалады, - делінген.

Сонымен қатар, көкшетаулық клубтың басшылығы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ЗРК Еңбек кодексінің 112-бабы 1-тармағына және еңбекақы төлеуге қатысты футболшылармен еңбек шарттарының талаптарын ескеретінін айтқан.

Бірақ «Оқжетпес» ойыншылары басшылық шешімімен келіспей, құжатқа қол қоюдан бас тартқан. Осы жерде айта кетерлігі, «Оқжетпес» ойыншыларының жалақысы екі есеге қысқарды, ал бұған дейін «Каспий» және «Ертіс» ойыншыларын ең төменгі айлық көрсеткіші бойынша 42 500 теңге аударылған.

Еуропа футболынан үйренеріміз көп

«Ертістің» футболшылары облыс әкіміне хат жолдады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер