«Қайрат» ойыншысын сатса, Беларусь клубы пайда табады

«Қайрат» ойыншысын сатса, Беларусь клубы пайда табады
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» қырғызстандық жартылай қорғаушы Гулжигит Алыкуловты өзге клубқа сатса, оның бұрынғы командасы «Неман» да пайда көреді.

Бұл туралы Беларусь клубының басшысы Иван Ворсович айтты.

«Біз Алыкуловты ол өзі кеткісі келгендіктен саттық. Оның ауысып кетуі команда үшін, бас бапкер үшін үлкен жоғалту болды. Менің клубымда соңғы 5 жыл ішінде ондай үзік ойыншы болған жоқ. Бірақ келісімшарта Гулжигтті басқа клубқа сатса «Неманның» да пайда алатыны қарастырылған. Оның келесі трансферінен де біз жақсы пайыз аламыз», - дейді Ворсович.

Айта кетейік, Гулжигит Алыкулов 2019 жылы Беларусь біріншілігінде өнер көрсетті. Ал 2020 жылдың басында ол алматылық «Қайратқа» ауысып келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер