Футбол

Қазақстанда доп тепкен ойыншы ресейлік команданың үздігі атанды

Қазақстанда доп тепкен ойыншы ресейлік команданың үздігі атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ресей Премьер-лигасында бақ сынайтын «Оренбург» футбол клубы наурыз айындағы үздік ойыншыны анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жанкүйелердің дауыс беру қорытындысы бойынша, сербиялық шабуылшы Джордже Деспотович команданың наурыз айындағы үздік ойыншысы атанды. Оған жанкүйерлердің 28%-ы дауыс берген. Деспотович наурыз айында үш матчқа қатысып, екі гол соққан.

Айта кетейік, Деспотович Қазақстанда «Жетісу», «Қайрат», «Астана» және «Тобыл» командаларында доп тепкен.

Тағы бір айта кетерлігі, «Оренбург» сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер