Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылды

Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылды
news-banner7
mobile-news-top

Клубты бұрынғы футболшы Дидар Сыдықбек құрды. Ол кәсіби футболда «Ордабасы» және «Актобе» командаларының намысын қорғаған. Сондай-ақ, «Қызылжар СК», «Астана-1964», «Бәйтерек» клубтарының жейдесін киген.

«Енді біз кәсіпқой футбол клубымыз. Мен бақыттан жылап отырмын. Бұл - істің басы ғана екенін түсінемін. Бірақ мен қорықпаймын. Себебі бұрынғыдай жалғыз емеспін», - деп жазды Д.Сыдықбек Instagram-да.

«SD Family» клубы екінші лигада ойын көрсетеді. Биыл онда 21 клуб тартысқа түседі. Олардың көбісі Премьер-лигадағы командалардың фарм-клубтары саналады. Биыл аталған ұжымдар қатарына «Игілік» (Қаратау қаласы, Жамбыл облысы), «Темірлан» (Ордабасы ауданы, Түркістан облысы), «Астана», СДЮСШОР №8, «Қызылжар СК», «Каспий» клубтарының жастар құрамасы қосылды. Былтыр алдыңғы орындардан көрінген СДЮСШОР №8 және «Арыс» клубтары енді бірінші лигада бақ сынайды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер