Футбол

Ла Лига маусымы үш түрлі жолмен аяқталуы мүмкін

Ла Лига маусымы үш түрлі жолмен аяқталуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Ла Лига басшылығы коронавирус пандемиясына қарамастан маусымды аяқтағысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Marca газетінің хабарлауынша қазіргі кезде маусымды аяқтаудың үш жолы қарастырылуда.
1)Маусым мамыр айының ортасында басталып, шілденің ортасында аяқталады. Командалар аптасына үш ойынға дейін өткізуі мүмкін. Барлық ойындар көрерменсіз өтеді.
2)Маусым жазда жалғастырылады. Жаз бойы өткен маусымды аяқтап, күзде жаңа маусым басталады.
3)Маусымды қыркүйек айында жалғастырып, келесі маусымның басталу уақытын кейінге шегеру.
Естеріңізге салатын болсақ Ла Лиганы 12 наурызда екі турға тоқтатқан болатын. Кейінірек коронавирустың өршуіне байланысты белгісіз уақытқа тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер