Әлем футболы

Италия чемпионаты аяқталмай қалса да, жеңімпаз анықталады

Италия чемпионаты аяқталмай қалса да, жеңімпаз анықталады
news-banner7
mobile-news-top

Италия футбол федерациясының президенті Габриэле Гравина Италия чемпионатының жеңімпазы коронавирустық пандемияға байланысты маусым аяқталмай қалса да анықталатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Championat сайтына сілтеме жасап.

«Бәрімен келісіп, басымдық берген жоспарымыз бар, ол барлық лигадағы матчтарды толығымен аяқтау. Алайда қалай және қашан аяқталатыны әлі белгісіз. Мен 30 маусымға дейінгі мерзімді қалаймын, бірақ біз ФИФА-мен 30 маусымнан кейін ойнау мүмкіндігі туралы кеңесіп жатырмыз.

Болмай бара жатқан жағдайда, біз чемпионатты тоқтатуға мәжбүрміз, бірақ ешқандай жағдайда біз оның нәтижелері жойылмайды. Чемпион, сонымен қатар Еуропа Кубогына жолдама алатындар мен төменгі топқа түсіп қалған командалар міндетті түрде анықталады», - дейді Гравина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер