Басқа

ХОК басшысы 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қолдау көрсеткен елдерге алғыс білдірді

ХОК басшысы 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қолдау көрсеткен елдерге алғыс білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Токио Олимпиадасының ауыстырылуына байланысты G-20 елдерінің басшыларына алғыс білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

«Біз халықтың денсаулығын сақтау мақсатында ірі қоғамдық іс-шараларды, оның ішінде, Олимпиада ойындарын кейінге шегеруге үлкен күш салғандарыңызды көрдік. 2020 жылғы Токио Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындарын толығымен бір жылға ауыстырған Жапония билігінің шешімін жоғары бағалаймыз», - делінген G-20 ресми мәлімдемесінде.

ХОК президенті Томас Бах осыған қатысты пікір білдірді.

«Бұл қолдау Жапония мен ХОК-ке үлкен жігер береді. G-20 елдерінің көшбасшыларының бұл мәлімдемесі бізге сенім сыйлайды. Қазіргі таңда адамзат қараңғы туннельде тұр. 2020 жылғы Токио Олимпиадасы туннель соңындағы жарық болмақ», - деді Бах.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер