Әлем футболы

Джон Терри азық-түлік тасымалдаушылар қатарына кірді

Джон Терри азық-түлік тасымалдаушылар қатарына кірді
news-banner7
mobile-news-top

«Челси» мен Англия құрамасының капитаны Джон Терри коронавирус пандемиясы кезінде көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік тасымалдауға атсалысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағылшын футболшысы індет кезінде қоғамнан оқшауланған Британия тұрғындарына тамақ пен өте қажетті басқа заттарды жеткізу бастамасын қолдады.

«Мен көмек көрсетуді үлкен құрмет деп санаймын. Мұқтаж жандардың жүзіндегі күлкіні көру бір ғанибет екен», – деп жазды Терри.

Ұлыбританияда 12 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, 500-ден астам адам көз жұмды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер