Теннис

Джокович коронавируспен күреске 1 миллион еуро бөлді

Джокович коронавируспен күреске 1 миллион еуро бөлді
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович коронавирус пандемиясымен күресуге өз үлесін қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сербиялық теннисші COVID-19 жұқтыруы салдарынан ауыр халде жатқан адамдарға көмектесу үшін өз еліне өкпені қолдан тыныстандыратын аппараттар сатып алуға миллион евро аударды.

«Новак пен оның әйелі Елена өкпені қолдан тыныстандыратын аппараттар мен басқа медициналық жабдықтар сатып алуға 1 миллион еуро бөлді», - деп хабарлады Сербияның ұлттық теледидары.

Айта кетелік, Сербияда 450-ден астам ауруды жұқтырған, соның ішінде жеті адам көз жұмды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер