Әлем футболы

Примераның жаңа маусымы қыркүйекте басталады

Примераның жаңа маусымы қыркүйекте басталады
news-banner7
mobile-news-top

Испания чемпионатының 2020/2021 маусымы қыркүйекте басталуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Marca-ға сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, кеше, 26 наурызда Ла Лига басшылығы мен Испания футболшылары қауымдастығы чемпионатты тоқтата тұру мәселесін талқылады. Бұл маусымды мамырдың ортасынан бастап қалпына келтіруге болады, бұл жағдайда келесі маусым қыркүйекте басталады. Сонымен қатар, чемпионатта Англия Премьер-лигасындағыдай Рождество мен Жаңа жылдық мерекелер үшін дәстүрлі үзіліс болмайды.

Испания чемпионаты коронавирус індетіне байланысты белгісіз мерзімге тоқтады. Испания клубтарының футболшыларына карантин жарияланды. Осындай шаралар Еуропа лигаларының көпшілігінде енгізілді, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының матчтары да белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер