Павлодардың Орталық стадионына күрделі жөндеу жасалады

Павлодардың Орталық стадионына күрделі жөндеу жасалады
news-banner7
mobile-news-top

Павлодардағы «Орталық» стадион 300 млн теңгеге қайта жаңартылады, деп хабарлайды Prosports.kz Pavlodar Today сайтына сілтеме жасап.

Мердігер компания жақын күндері жеңіл атлетикаға арналған жолақтарды қалпына келтіруді бастайды және көгалды ауыстырады. Бастапқыда жұмыс сәуір айының соңында басталуы керек болатын, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты олар құрылыс мерзімін ауыстырғысы келеді.

«Оқу-жаттығу жиындары мен ойындарға тыйым салынғанына байланысты біз мердігермен дәл осы жұмысты бастау туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Әрине, кейбір процедуралар оң температураны қажет етеді, бірақ жақын күндері біз жылы күндерді қажет етпейтін жұмыстарды бастай аламыз деп ойлаймын», - деді Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер