Әлем футболы

АПЛ футболшылары жалақыны төмендетуге келіседі

АПЛ футболшылары жалақыны төмендетуге келіседі
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын клубтарының футболшылары коронавирустық пандемиясының кесірінен болып жатқан қиындыққа түсіністікпен қарай білді, деп жазады Prosports.kz.

Беделді басылым The Guardian-ның мәліметі бойынша, маусымның тоқтап қалуына байланысты футболшылар клубтың жалақыны азайту жөніндегі бастамасын қолдайды дейді.

3 сәуірде Англия Премьер-лигасының барлық 20 клубы өкілдерінің кездесуі өтеді. Ол онлайн режимінде өтеді, оған Англияның кәсіби футболшылар қауымдастығының өкілдері қатысады. Ойыншылар жалақыны төмендетуге келіседі және ешқандай қарсылық жасамайды.

Еске салайық, қазіргі уақытта коронавирустық пандемияға байланысты Англия чемпионаты кем дегенде 30 сәуірге дейін тоқтатылды.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер